- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Белгісіз біреу сауда...
Белгісіз біреу сауда орталығында атыс шығарды: полиция күдіктіні атып тастады
АҚШ-тың Техас штатындағы сауда орталығында белгісіз біреу атыс шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі dw.com сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Техастың Аллен қаласында 6 мамыр күні болған. Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан 8 адам қаза тауып, 7 адам зардап шеккен.
Жалғыз әрекет еткен күдіктіні полиция атып тастады. Ал құтқару жұмыстарымен айналысқан өрт сөндіру қызметінің басшысы ауруханаға зардап шеккен тоғыз адам жеткізілгенін айтқан. Оның екеуі қаза тапқан.
Ал аудандағы 16 аурухананы басқаратын Medical City Healthcare мекемесі 5 және 61 жас аралығындағылар ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Зардап шеккендердің жағдайы әзірге белгісіз.
Ақ үйдің өкілі ел президенті Джо Байден атыс туралы хабардар екенін жеткізген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина