Белград мұнарасында еліміздің көк байрағы бейнеленді

Белград мұнарасында еліміздің көк байрағы бейнеленді. Биіктігі 168 метр болатын мұнара биылғы 15 қазан күні ашылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Борт N1 Telegram-каналы хабарлады.

"Сербия - Қазақстанның Балқан түбегіндегі негізгі серіктестерінің бірі. Белградта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясын ерекше құрметпен қарсы алды. Сербия астанасының символына айналған "Белград мұнарасында" еліміздің көк байрағы бейнеленді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін, 18 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға ресми сапармен барғанын хабарлаған едік. Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз