Күннен қорғайтын көзілдірік көзді әртүрлі көру проблемаларына әкелуі мүмкін ультракүлгін сәулеленуден қорғайды. Дұрыс аксессуарды таңдау үшін көзілдірікте немесе өнімнің төлқұжатында көрсетілген белгілерге назар аудару керек. Бұл туралы "Газете.Ru"-ге офтальмолог Александр Кусков айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"UV деген таңбалау көзілдіріктер ультракүлгін сәуленің өтуіне жол бермейтін қорғаныс сүзгісімен қамтамасыз етілгенін білдіреді және оның деңгейі неғұрлым жоғары болса, көзілдірік соғұрлым сенімді болады. UV400 немесе high UV protection деп белгіленген көзілдірікті таңдауға тырысыңыз: мұндай сүзгі ультракүлгін сәулені 100% бұғаттайды. Егер көзілдірікте сүзгі көрсетілмесе, бұл оның күннің көзінен қорғамайтынын, жай ғана қара линзалары бар көзілдірік екенін білдіреді", - деді маман.
Сондай-ақ, дәрігер көзді күннен қорғау үшін қара және қоңыр линзалары бар көзілдіріктер жақсы екенін ескертті.
"Көзді тек жағажайға барғанда және тауға шыққанда ғана емес, күнде қорғау маңызды. Көзге ультракүлгін сәулелер байқалмайды, алайда олар нұрлы қабыққа әсер етеді және қарқынды сәулелену кезінде оны күйдіруі мүмкін. Ультракүлгін сәуле нұрлы қабықтың күйіп қалуынан басқа торлы қабықтың макулодистрофиясының дамуына ықпал етеді, катаракта мен көз бетінде қатерсіз ісіктерінің дамуына қатысады", – деп түсіндірді офтальмолог.
Оқи отырыңыз: Көктемгі ағза әлсіздігімен қалай күресу керек?