1 шілдеден бастап "Халық" Қайырымдылық қорының "Ел тірегі - ЕЛБАСЫ" акциясы жалғасын алды. Азық-түлік себеттері еліміздің барлық аймақтарында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, сондай-ақ ерекше қажеттіліктерімен балалары бар отбасыларға жеткізіледі.
Біздің қазіргі заманда жақсылыққа орын бар ма? Бар болуына бүгін біз тағы да көз жеткіздік! "Ел тірегі - ЕЛБАСЫ" акциясын еліміздің танымал меценаттары: Қайрат Боранбаев - "Алмалы" холдингі, Диас Сулейменов, Кеңес Ракишев, "АЯЛА" Қайырымдылық қоры, "Eurasian Resourses Group" холдингі және "Казахмыс" корпорациясы қолдады. Қайырымдылық акция серіктестерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында 6000-ға жуық азық-түлік себеттері жасалды.
Жалпы, акция аясында 20 000 отбасына қолдау көрсетіледі: жалпы сомасы 500 миллион теңгеге 1 млн кг-нан астам азық-түлік. Себеттерге ең қажетті: күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шай және кәмпиттер кірді - әр отбасыға 50 килограммнан азық-түлік. Азық-түлік себеттерінің таратылуы еріктілермен жүзеге асырылады.
"Біз Сізге шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз және мейірімді жүректеріңіз үшін "Рахмет" айтамыз! Сіздердің үн қосқандарыңыздың арқасында мұқтаж отбасылар қажетті азық-түлік көмегін ала алады. Осылай біздің отандастарымыздың өмірін жақсы жаққа өзгерту мақсатында әрі қарай бірлесе жұмыс жасай берейік!" - деп хабарланады "Халық" ҚҚ Қамқоршылар кеңесінің Төрағасы Динара Кулибаеваның жолдамасында.
"Халық" Қоры "Ел тірегі - ЕЛБАСЫ" акциясын 2021 жылы бойы бірнеше рет өткізуді жоспарлап отыр.
Кез-келген адам қайырымдылық жобасының қатысушысы бола алады. Біз бизнес өкілдері мен немқұрайлы емес қазақстандықтарды күш біріктіруге және Қор акциясына қосылуға шақырамыз. Сіздің қатысуыңыз бен ынтымақтастығыңыз ең мұқтаж отандастарымызға уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік береді!