Алматы Полиция департаменті басшысының экс-орынбасары, Алматы облысы ПД басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Ержан Оразбеков қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов телеграм арнасында хабарлады.
Ержан Оразбеков 51 жасында өмірден өткен.
Еске салайық, 2021 жылы Ержан Оразбековтің көлігіне оқ атылған болатын. Оқиға Алматы - Өскемен тасжолында болған. Белгісіз біреулер Ержан Оразбеков отырған көлікке оқ атқан еді. Ол кезде Оразбеков Алматы облысы ПД басшысының бірінші орынбасары қызметінде еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!