Белгілі актриса өзінен он жас кіші жігітке тұрмысқа шықты

Театр және кино актрисасы Гүлбахрам Байбосынова өзінен 10 жас кіші актер Қазбек Төленге тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қуанышты жаңалықты өнер иелері Instagram-парақшаларында бөлісті. Қазбек пен Гүлбахрам 1 қарашада некелерін қиған. Актрисаның ұзату тойынан кейін 13 қарашада екі жастың үйлену тойы болған. 

Желіде ұзату мен үйлену тойындағы суреттер пайда болды. 

Айта кетейік, желідегі ақпарат бойынша, Гүлбахрам 1987 жылы туған, ал сүйіктісі 1997 жылы туған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!