Белгілі актриса Баян Имашева өмірден озды

Кеңес одағы, қазақ кино және театр актрисасы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Баян Имашева өмірден озды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық театрдың баспасөз қызметіне сілтеп. 

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың актриса Баян Имашева өмірден өтті", - делінген Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының Instagram-парақшасында.  

Баян Имашева - 1941 жылы Түркістан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген. Өнер жолын Қарағанды облыстық драма театрынан бастаған. 1965 жылдан бері Қазақ академиялық драма театрының актрисасы ретінде қызмет атқарды.

Театр сахнасындағы Валя Панфилова (М.Әуезов пен Ә.Әбішев, "Намыс гвардиясы"), Бибіш (М.Мұқашев, "Дала дастаны"), Алма (Е.Домбаев, "Желіккен жеңгейлер"), Бөрте, Нұрғаным (И.Ғайып, "Шыңғыс хан" мен "Мен ішпеген у бар ма?"), Полина Андреевна (А.П.Чехов, "Шағала"), Рахия (Р.Мұқанова, "Мәңгілік бала бейнесі"), Қара кемпір (М.Жұмабаев, "Ғашықтық дерт"), т.б. сынды рөлдерімен жұрт жадында қалды. 

Сондай-ақ ол "Өмір жолы", "Көшпенділер", "Үзілмеген үміт" және т.б. кинотуындыларда басты рөлді сомдаған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!