- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Белгілі актриса алғаш...
Белгілі актриса алғаш келін болып түскендегі қызық оқиғасын айтты
Белгілі актриса Дариға Бадықова Instagram-парақшасында алғаш келін болып түскендегі қызық оқиғасын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Актриса Желіде түсірілім алаңында аула сыпырып жүрген видеоларын жариялаған.
"Ролімді ойнап тастап, түсірілімді аяқтап, осы жұмысқа кірістім. Көп қоқыс шыққан сайын жаным кіріп тазалаймын", - дейді актриса.
Сондай-ақ, ол келін болғандағы қызық оқиғаларын да айтқан.
Ж. Қадыржанова"Жалпы, жаратылысым таза болып тудым. Адамның бойында болса, сіңіп кетеді екен ғой. Шаң жерде, қоқыр-соқыр жерде отыра алмаймын. Үтіктелмеген төсек-орында ұйықтай алмаймын. Тап-таза болып тұрса да, күнде үй жинаймын. "Шашылып жатқан жоқ қой, неге жинай бересің" десе, "ішімнен шашылғанын күтуім керек пе?" деймін... Алғаш келін болып түскенде маған ешкім бірдеңе үйретіп, әлек болмады. ...Бір күні қайын атам күйеуіме "Дариғаға айтшы, күнде үй жинай бермесін, есіктің алды шашылмаса да жуа бермесін, сосын күнде тамақ жасай бермесін, толтырып бір жасасын, жетеді" депті. Кейін ойлаймын ғой, басқа жұрт келінді тәрбиелеп әбігерге түсіп жатады. Менің пысықтығыма барған жерім ештеңе айта алмапты-ау", - деді Дариға Бадықова.