Белгілі актер Асанәлі Әшімов қайтыс болды деген ақпарат тарады

Желіде белгілі актер Асанәлі Әшімов қайтыс болды деген ақпарат тарап жатыр. Әртістің жары Бағдат Әшімова бұл жалған ақпарат екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

WhatsApp пен әлеуметтік желілерде КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімов қайтыс болды деген ақпарат тараған.  

Жары Бағдат Әшімова танымал актердің жағдайы жақсы екенін айтып, Желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.   

"Оттаған журналистердің жазғаны. Хал-жағдайы жақсы, өте керемет. Ақтауда демалып жатыр", - дейді Бағдат Әшімова.

Cондай-ақ, актердің жары 13 сағат бұрын Instagram-парақшасына Ақтаудағы демалыстан видеолар жүктеген.

"Ақтауда мына Rixos өте керемет, келіп демалуға болады. Түркияның керегі жоқ", - дейді актер видеода.

Айта кетейік, Асанәлі Әшімов - кеңестік әрі қазақстандық кино-театр актері, режиссер, театр педагогы, профессор. Ол атақты "Қыз Жібек", "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі" секілді фильмдерге түскен. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!