11-14 қазан күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен бельгиялықтар королі Филипп және патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен король Филипп және патшайым Матильда "Қазақстан-Бельгия" іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ, басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.
Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады.
Жаза Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездескен болатын. Президент Бельгияны Қазақстанның Еуропалық Одақтағы негізгі серіктестерінің бірі деп атады. Өз кезегінде премьер-министр Барт де Вевер екі ел арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!