Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібекке қатысты сүйінші жаңалық жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы тележүргізуші Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, енді бұл іске заңгер Мейірман Шекеев көмектеседі.
"Жалғыз өзім күресіп, қиналып кеткенім рас, өйткені жәбірленушінің ресми өкілі ретінде іс бойынша белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндеттімін. Ендігі уақытта білімді, білікті заңгермен бірлесіп, күрмеуі қиын бұл оқиғаның шешімін табамыз деп сенемін. Біз әділ шешім қабылданғанын талап етеміз. Бұл іске қатысты ресми әрі нақты мәліметті менің, Жәнібектің және Мейірман Қалмаханұлының ғана парақшасынан біліп отырасыздар, – деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек