Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек Бельгиядан көшетінін хабарлады

Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек Бельгиядан көшетінін хабарлады
Фото: instagram.com/muratsaveliev

Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек анасы қайтыс болған соң басқа елге көшуге бел буғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бельгиялық Жәнібек аталып кеткен Мұрат Савелиев мәлімдеме жасады.

"Мен басқа қалаға көшіп, жаңа орынға орналастым! Қазір Қазақстанда емеспін... Өте өкінішті, өйткені сіздерге айтарым көп еді. Осы айдың басында мен Испаниядағы аралдан материк жағына көштім! Енді жыл бойы жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Мен атқа міну бойынша экскурсовод ретінде жұмысқа өтініш бердім. Бойымда қазақтың қаны бар ғой, өйткені... Бірнеше күннен кейін сіздерге айтар жақсы жаңалық болар деп үміттенемін. Мен үшін дұға етіңіздер. Мен де өздеріңіздей, саяхаттауды жақсы көретін адаммын. Сондықтан мен келесі 3 аптада Латын Америкасынан өтемін", - деп жазды Мұрат Савелиев.

Еске салайық, Жәнібек жақында елге оралуы мүмкін екенін айтқан болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева