19 тоннадан аса алмұрт фитосанитария сертификаты болмауына байланысты Бельгияға кері қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маңғыстау облысының Құрық портына Бельгия корольдігінен жалпы салмағы 19,2 тонна алмұрт партиясы жеткізілген.
"Құжатты тексеру барысында өнім Қазақстан аумағына фитосанитария сертификатынсыз әкелінгені анықталды. Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптары бұзылуына байланысты импорттаушыға әкімшілік айыппұл салынып, өнімді экспорттаушы ел Бельгияға қайтару туралы акт ресімделді", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова