Бельгия билігі үкіметтік телефондарда Тик-Ток пайдалануға уақытша тыйым салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Алты айлық шектеу киберқауіпсіздік пен мәліметтердің құпия сақталуына төнген қатерге байланысты қабылданып отыр. TikTok өз тұтынушылары жайында көп мөлшерде дерек жинайтын көрінеді.
Алайда мемлекеттік қызметкерлер қосымшаны жеке телефондарына орната алады. Оған рұқсат бар. Осы уақытқа дейін АҚШ пен Канада билігі және Еурокомиссия TikTok-ке осындай тыйым салған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!