Бельгия Корольдігінің депутаттық тобы Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Нархоз университетінде болып, халықаралық білім беру және ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету тәжірибесін зерделеді.
Былтыр университет FIBAA еуропалық аккредитациясына ие болды, соның арқасында Нархоз түлектерінің дипломдары Еуропаның жоғары білім кеңістігінде танылды, ал Британдық Times Higher Education Impact Ranking Қазақстандағы ең үздік жеке университет деп атады.
Нархоз парламенттік топ Қазақстанға сапары кезінде барған жалғыз университет болды.
Делегация құрамында Қазақстан-Бельгия достық тобының төрағасы Тим Ванденпут бастаған Бельгия федералды парламентінің депутаттары болды. Топты Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтегі елшісі Марғұлан Баймұхан алып жүрді.
Сапар барысында қонақтар Нархоз жаңа кампусын жоғары бағалады, сонымен қатар, білім беру мен ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың жоғары стандарттарын атап өтті.
"Нархоз университетінің кампусы - ұмтылыстар мен амбициялардың жарқын көрінісі. Нархоздың нақты даму стратегиясы бар. Сапа қысқа мерзімде қол жеткізілген оң нәтижелерді көрсететін статистикалық мәліметтерде ғана емес, сонымен қатар, университет жобаларының бірегей әртүрлілігінде де көрінеді. Нархоздың экологиялық және басқа да практикалық бастамалары ерекше назар аударуға тұрарлық. Ашығын айтқанда, біз өзіміз үшін Бельгияда қолдану үшін пайдалы болатын көп нәрсені атап өттік", - деді делегация басшысы Тим Ванденпут.
Жиын барысында ұсынылған Нархоз ғылыми жобаларына делегаттар қызығушылық танытты. Олардың ішінде өкпе ауруларының алдын алу мақсатында микродисперсті шаң бөлшектерін ұстау үшін фито-өсімдік тосқауылын жасау жобасы және аудиовизуалды ақпарат негізінде өтіріктің сандық детекторын жасау жобасы болды. Депутаттар Нархоз университетінің 4-курс студенті Виктор Ермактың жобасына ерекше қызығушылық танытты, оның арқасында жаңадан бастаған трейдерлер нарықтағы қозғалыстарды түсініп, Nasdaq тізімінде тұрған компаниялардың деректері негізінде оның болашақтағы әрекетін болжай алады.
2007 жылдан бастап Нархоз университетін жүйелі түрлендіруді академиялық сапаны жақсартуға және инфрақұрылымды жаңартуға ерекше назар аударатын "Верный Капитал" компаниялар тобы жүргізді. Бұл - топтың әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының бір бөлігі. Университет - коммерциялық емес ұйым, оның қызметінен түскен барлық пайда университеттің одан әрі дамуына инвестицияланады.
Былтыр Қазақстан мен Бельгия корольдігі дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды. Тек кейінгі 15 жылда бельгиялық компаниялардың Қазақстанға тікелей инвестицияларының жалпы ағыны 10 миллиард АҚШ доллары болды. Бельгияның парламенттік делегациясының Нархоз жаңа кампусына сапары бұл елдің Қазақстанмен білім және ғылым салаларында ынтымақтастық орнатуға мүдделілігін көрсетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!