"Не МолчиКЗ" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі Шымкентте өгей әкесі соққыға жығып, белдікпен сабап жатқан жасөспірім қыздың видеосын жариялады. Осы оқиғаға қатысты еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында түсініктеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бейнежазбада көрсетілгендей ер адамның қызға қорлық көрсеткені соншалық, шашын да жұлып алған.
Динара Зәкиева алғаш рет былтыр сәуір айында осы дерек бойынша арыз түсірілгенін атап өтті.
"Кейін қыз Жасөспірімдерді бейімдеу орталығына орналастырылды. Осы оқиғаға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр. Сот отырысы өтеді. Анасы мен оның екі бауыры Дағдарыс орталығына орналастырылды. Юристер мен психологтар отбасы мүшелерімен жұмыс істеп жатыр. Осы дерек бойынша қалалық Прокуратурамен де байланыс орнаттым", - деді Зәкиева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!