Әнші Төреғали Төреәлінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жүктілігі қалай өтіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің әйелі үш жыл бұрынғы оқиғаны есіне алған.
"Род зал. Жансақтау бөлімі. Қатты шөлдеп жатырмын. Медбикелерге өтініп су беруін сұрасам да ешкім көңіл аудармайды. Балам туралы хабарды да ешкім айтпады. Бас айналғандай болады. Ұйқым да келді. Бірақ бар уайымым шалабай баламның жағдайын білу болып тұр. Бірақ белден төмен қарай денемді сезбеймін. Аяқтарымды қанша ұрсам да, жаны жоқ. Ал балама қалай жетемін? Қиналсам да, аяқтарым сәт тіріле бастағанда, коридордың шетімен ақырындап балалардың жансақтау бөліміне жеттім. Шүкір ұлымды көріп, көзіме жас үйірілді. Аналық махаббат - үлкен құдірет екенін тағы сезіндім", - деді ол.
Толқын Тұрарбекқызы біраз күнге ауруханаға жатқызылғанын, босануға әлі уақыт барын айтты.
"Дәл осылай 3 жыл бұрын кіші ұлым осы перзентханада дүниеге келген. Қазір жүктілік кезеңін сақтау бөлімінде. Біраз күнге жатқызып койды. Босануға уақыт бар. Сол кездерде ішім толган уайым, тынышсыздықта жүрген екенмін. Шынайы тыныштықтың не екенін сезінбей жүре беруге де болады екен. ...Айтқым келетіні, сіздің ішкі әлеміңізді ешкім білмейді. Түсінбейді. Ішкі сезіміңізді де. Сондықтан әр адам өзіне тірек бола білуі маңызды", - деп жазды ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!