- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Беларусьте мемлекетке опасыздық...
Беларусьте мемлекетке опасыздық жасағаны үшін өлім жазасы енгізілді
Беларусьте шенеуніктер мен әскерилерге опасыздық жасағаны үшін өлім жазасы енгізілді. Тиісті заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда қабылдады. Бұл туралы Ұлттық жиналысының өкілдер палатасының баспасөз қызметі Telegram-да мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.
"Деструктив элементтерге әсер ету, сондай-ақ опасыздықпен табанды күресті көрсету мақсатында заң жобасына мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға немесе әскери қызметкерге опасыздық жасағаны үшін өлім жазасы түріндегі айрықша жаза шарасын қолдану мүмкіндігін көздейтін Қылмыстық кодекстің 356-бабы 2-бөлігінің санкциясына өзгерістер енгізу ұсынылады", - делінген хабарламада.
Басылым мәліметінше, заң жобасын дайындау мақсаты - экстремистік бағыттағы қылмыстардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау.
Айта кетейік, Беларусь әлі күнге дейін өлім жазасы қолданылатын Еуропадағы жалғыз ел болып қала береді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова