Бел ауруының көпшілік біле бермейтін себептері

Бел ауруы көп адамда кездеседі. Күнделікті өмірде ыңғайсыз қалыпта жұмыс істегеннен кейін немесе керісінше бір жерде ұзақ отырғанда да бел ауырады. Алайда бұл денсаулығыңызға қатысты маңызды мәселелер барын көрсетуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Гинеколог Екатерина Волкованың сөзінше, көбі бел ауруын қалыпты өмір салты ретінде қабылдап үйренген. Алайда оның себептері көп болуы мүмкін. Бел ауруының сипаты да әртүрлі болады. Маманның айтуынша, ауырсыну немесе оның қанша уақытқа созылатыны маңызды емес, бастысы байқалған бойда дәрігердің кеңесіне жүгіну қажет.

Маман әлеуметтік желіде белдің ауыруының төрт себебін атады.

1. Бұлшықет спазмы. Оның салдарынан әдетте қозғалыс кезінде ауырсыну байқалады.

2. Зәр шығару жүйесі мүшелерінің патологиясы. Бұл ауырсыну тас пайда болуына немесе қабынуға да байланысты болуы мүмкін. Дәрігердің айтуынша, бұл жағдайда кейде температура көтеріледі. Тексеру үшін зәр сынамасын тапсырып, бүйректі, қуықты ультрадыбыстық зерттеу маңызды.

3. Гинекологиялық патологиялар да әдетте бел ауруы арқылы көрінеді.

4. Тірек-қимыл жүйесі аурулары. Мәселен, стеопороз. Мұндай жағдайларда дәрігер МРТ-дан өтуді ұсынады. Ал остеопороз деп күмәндансаңыз, сүйек тығыздығын анықтау үшін қосымша денситометрия жасау қажет.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!