2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Астанадағы бокс кешінде ресейлік Никита Зоннан айласын асырып, әлем құрамасына қарсы кездесудегі есепті теңестірді.
80 килоға дейінгі салмақта өткен жекпе-жек жоспарланған 6 раундқа созылды. Бекзад төрешілердің бірауыз шешімімен айқын жеңіске жетті. Осылайша Қазақстан және әлем құрамалары арасындағы есеп 3:3 болды. Алда Дулат Бекбауов пен Данияр Елеусінов шаршы алаңға көтеріледі.
Айта кетейік, осыған дейін Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан жеңіске жетсе, Асланбек Шымбергенов, Ерасыл Жақпеков пен Серік Теміржанов қарсыластарына жол берген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!