Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов туризм саласында әлі де жүйелі мәселелер бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отырыста министрлер мен бірқатар өңір әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.
"Былтыр Президент азаматтардың көптеген шағымынан соң Алакөлдің айналасындағы, жалпы еліміздегі туристік орындардағы инфрақұрылым, сервис нашарлығын, қарапайым қауіпсіздік ережелері сақталмауын қатаң сынға алды. ...Жалпы өңірлерде оң динамика бар. Алайда туристік аймақтарда жүргізілген кешенді тексерістер бұл салада әлі де жүйелі мәселелер барын анықтады", - деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы бірқатар түйткілді мәселеге тоқталды:
Туризмдегі түйткілді мәселелерді шешу үшін премьер-министр жедел үйлестіру кеңесін құруды тапсырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!