Бектенов Тоқаевқа су тасқыны бойынша есеп берді

Бектенов Тоқаевқа су тасқыны бойынша есеп берді
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өркендеудің жаңа бағыттары және экономикалық реформаларды жүзеге асыру жұмыстары жөнінде баяндалды. Биылғы қаңтар-ақпан айларында экономиканың өсімі 5,4 пайызға жеткен.

Премьер-министр Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы жүктеген ірі инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды іске асыруға, цифрландыру мен адами капиталды дамытуға қатысты міндеттерді орындау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы жетекшілік ететін республикалық штабтың су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі есебін тыңдады. Жағдай тәулік бойы бақылауға алынған. 37 мыңнан аса қызметкер мен 13 мың техника дайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы экономиканың нақты секторын қолдау, инвестиция тарту және әлеуметтік саясатты жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget