Бектенов Эмомали Рахмонды әуежайдан күтіп алды

Бектенов Эмомали Рахмонды әуежайдан күтіп алды

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі мен "Орталық Азия + Жапония" диалогы мемлекеттері басшыларының бірінші саммитіне қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәжікстан басшысын ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов әуежайда күтіп алды. 

Бүгінде елдер тауар айналымын одан әрі арттыруға күш салуда. Биылғы қаңтар-маусым айларында екі ел арасындағы өзара сауда көлемі $575,7 млн-ды құрады, бұл ретте қазақстандық тауарлар экспорты 18,9%-ға артты.

Екіжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық бағыттарының бірі – су қатынастары саласы. Тәжікстанда Рогун су электр стансасын салу жөніндегі энергетикалық жоба бүкіл Орталық Азия аймағына мультипликативті әсер береді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан