Бүгінгі Үкімет отырысының қорытындысы бойынша премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Денсаулық сақтау министрлігі монополияға қарсы органмен бірлесіп, бөлшек саудада дәрі-дәрмек бағасы негізсіз өсуіне жол бермесін", - деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар, дәрілерді дер кезінде жеткізуге қатысты мәселелер де туындаған. Логистика мен сатып алу рәсімдері созылып кететіні тағы бар. Ал көптеген науқас дәрі-дәрмекті үзбей, кестеге сай ішуі қажет.
Премьер-министр осы бағыттағы жұмысты да күшейтуді тапсырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова