Бектенов әкімдерге орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды

Бектенов әкімдерге орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірлер бойынша көрсеткіш

  • Атырау облысында негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) жөніндегі жоспардың орындалу көлемі 42,8% болған.
  • Ұлытау облысында ірі компанияларға тәуелділік сақталып, НКИ бойынша көрсеткіш 61,5% болып отыр. Өңірге орта кәсіпорындармен жұмысты күшейту тапсырылды.
  • Абай облысында НКИ бойынша көрсеткіш - 70,4%, тікелей шетелдік инвестиция бойынша көрсеткіш - 26,2%. Жабдықтарды жеткізіп берудегі кемшіліктерге байланысты мыс балқыту зауыты, күнбағыс майын тазарту цехы сияқты бірқатар жобаны жүзеге асыруда мәселелер туындап отыр.

Бектеновтің тапсырмасы

Осы мәселеге байланысты премьер-министр бірқатар тапсырма берді.

"Әкімдер мен министрлер инвестиция тарту мәселелерімен күн сайын тікелей айналысуға тиіс. Бұл - ең маңызды мәселе. Инвестиция болмаса, экономикада ешқандай даму болмайды. Артта қалған өңірлердің әкімдеріне инвестициялар бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін өз орынбасарларын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын", - деді Олжас Бектенов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget