Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын жазалауды тартуды тапсырды

Бектенов Абай облысы әкімінің орынбасарын жазалауды тартуды тапсырды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстанда жылу беру маусымы жоспарға сәйкес басталды. Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктердің жұмысына назар аударды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Бүгінде жылу 11 өңірде беріле бастаған. Бір өңірден басқасының бәрі тапсырманы уақытында орындаған.

"Жылыту маусымы жоспарға сәйкес басталды. Оңтүстік және батыс өңірлерде жылу бекітілген кестеге және ауа райына байланысты беріледі. Жылу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз етуді тапсырған болатынмын. Бір өңірден басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады", - деді Олжас Бектенов.

Тек Семей қаласында жылу желілері уақтылы дайын болмай шыққан. Осыған байланысты премьер-министр Абай облысы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Еске салайық, бұған дейін жоспар 82 пайызға орындалған Семей қаласы ерекше бақылауда тұрғаны хабарланды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget