“Бекежан дегеніне жетті”. Асанәлі Әшімов пен Меруерт Өтекешеваның кездесуі қалай өтті?

“Бекежан дегеніне жетті”. Асанәлі Әшімов пен Меруерт Өтекешеваның кездесуі қалай өтті?
Фото: Видеодан кадр

“Қыз Жібек” фильмінде басты рөлде ойнаған Меруерт Өтекешова мен Асанәлі Әшімов қартайған шақта қайта кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Қыз Жібек пен Бекежанның араға жылдар салып қайта кездесуін талқылап, пікір жазып жатқан қолданушылар көп. 

Қос жұлдыздың видеосы Instagram желісінде жарияланды. Онда Меруерт Өтекешова мен Асанәлі Әшімовтің құшақтасып тұрғанын байқауға болады.

"Тарихи сәт. Қыз Жібек пен Бекежан кездесті. Кинодан екеуміз ғана қалдық деп тұр. Қандай керемет сәт”, - деп жазды видео авторы.

Желі қолданушылары Төлегеннің рөлін ойнаған актердің қайтыс болып, Қыз Жібектің Бекежанға бұйырғанын жазып, әзілдеп жатыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева