- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұшақ апаты
Bek Air ұшағының апатына қатысты тергеу қайтадан жүргізілуі мүмкін
Көлік министрі Марат Қарабаев Bek Air әуе компаниясының ұшақ апатына қатысты тергеу мәселесін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министр тергеудің қайта басталуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
"Тергеу аяқталды, бірақ қазіргі уақытта әуе компаниясының бір қызметкерінен өтініш түсті. Сол өтінішке сәйкес, тергеуді қайта бастау мәселесі рәсімдік тұрғыда қарастырылып жатыр", - деді Қарабаев брифингте.
Министр тергеу барысын бақылауда ұстайтынын айтты.
"Бұл мәселемен біздің ведомствоның департаменті айналысады және бұл менің функционалдық міндеттерімнің бірі", - деп қосты ол.
Еске салайық, Bek Air ұшағының әуе апаты 2019 жылдың 27 желтоқсанында болған еді. Ұшақ Алматыдан Астанаға (ол кезде Нұр-Сұлтан) бағыт алған болатын, бірақ ұшқаннан кейін бірден биіктігін жоғалтып, қоршауды бұзып, әуежай маңындағы екі қабатты коттеджге соғылды. Ұшақ бортында 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.
2021 жылдың мамырында Талғар ауданының бірнеше жергілікті шенеунігі мен риелтор 2019 жылы Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған Гүлдала ауылындағы жерлерді сату ісі бойынша айыпты деп танылды. Олар әртүрлі жаза мерзімдеріне кесілді. 2022 жылдың маусымында Алматы әуежайы маңындағы жерлерді заңсыз иемденіп, сату ісі бойынша Талғар ауданы әкімдігінің бірнеше бұрынғы шенеунігі сотталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина