2019 жылы Қазақстанда Bek Air ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ апаты бойынша тергеу қайта жанданады. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өкінішке қарай, авиацияда мұндай жағдайлар жиі болады және нақты шешім табу өте қиын. Ұшақ апаттары көбіне ұзақ уақыт қарастырылады. Қазір барлық құжатты дайындап жатырмыз", – деді министр.
2024 жылы желтоқсанда бұрынғы көлік министрі Марат Қарабаев осы ұшақ апатына қатысты тергеу қайта басталуы мүмкін екенін айтқан еді.
Ұшақ апаты туралы не белгілі?
Bek Air әуекомпаниясының ұшағы 2019 жылы 27 желтоқсанда апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтанға (сол кездегі атауы - еск.) бағыт алған еді, бірақ әуеге көтерілгеннен кейін бірден биіктікті жоғалтқан. Кейін қоршауды бұзып өтіп, әуежай маңындағы екі қабатты ғимаратқа соғылған болатын. Бортта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болды. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова