Оралда ұры үйден 4 миллион теңге мен алтынды қолды қылған. Қаскөй үйге терезе арқылы кірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Қаскүнем үй иелері жоқ сәтті пайдаланған.
"Ер адам төрт миллион теңге, алтын сырға, сақина мен алқаны ұрлап кеткен. Күдікті ұсталды, алайда ұрланған заттың бір бөлігін базарда сатып үлгерген", - деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!