- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Базарда жүрсіңдер ме?"...
"Базарда жүрсіңдер ме?" Тойда шулаған жұртқа ұрысқан әйел Қазнетті "жарды"
Желіде тойда шулаған жұртқа ұрысқан әйелдің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода той иелеріне тілек айтуға шыққан әйел шулаған жұртқа ұрсып берген. Бұл видео 756 мыңнан аса қаралым, 35 мыңнан аса лайк жинаған.
"Құрметті тойшы қауым! Мынау не шу?! "Бөкен" базарда жүрсіңдер ме, "Сары" базарда жүрсіңдер ме?! Не қылған тәртіпсіздік?! Қарындарың тойып алады да өсек айтудан басқа әңгімелерің жоқ. Біз, қасқа адайлар, тойға сөйлейін деп келеміз. Сөйлегенде тыңдасаңызшы. Абыр-дабыр, қырт-шырт қылмаңдар. Сыйлағыларың келмесе, үйлеріңе қайтыңдар. Бір тыныш той өтсін", - дейді ол видеода.
Видеодағы Үміт Құлжанованың сөзінше, олар тойға алыс жерден келген.
"Жалғыз баламыздың тойына келіп тұрмыз. Келсек мына бала (асаба - еск.) шырылдап тұр. Қазір мен тегін асаба болып, бәріңді қуып жіберемін. Не мынау бассыздық?! Тойда той иесін сыйламағандар шулап кетеді, бұл - менің түсінігім. Ал бастық не әкімнің тойы болсыншы, тым-тырыс отырасыңдар. Мен барлық жерде болып жүрмін", - дейді Үміт Құлжанова видеода.
@a.tuzelbai Так что тойда тентек болмай, сөз тыңдаңыздар? #рек #той #fyp #қазақтыңтойыбітпесін #тост ♬ оригинальный звук - a.tuzelbai
Желі қолданушылардың бірі Үміт Құлжанованың әрекетін қолдап пікір қалдырса, енді бірі оның айқайы күлдіргенін жазған.
"Бұл мәселені айтатын адам шықты-ау, дұрыс қой", "Тойға бала әкелген дұрыс емес, балаларын ертіп әкеледі де тойдың берекесі кетеді", "Бәрінің осындай тәтесі бар", "Апам дұрыс айтады. Қазір бәрі гу-гу", "Микрофонды бермейді ғой", "Ішек-сілем қатып күлдім ғой", - деп жазған олар.
Сондай-ақ, TikTok-та Үміт Құлжанованың даусына түсірілген видеолар пайда болды. Мәселен, танымал қазақстандық блогер Бекзат Елеусізов бұл дыбысты пайдаланып, видео жүктеген. Видео 327 мыңнан аса қаралым, 27 мыңнан аса лайк жинаған.
@iamrealbeka ♬ оригинальный звук - Iamrealbeka
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек