- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- салық
Базарда жұмыс істейтін шетелдіктер мемлекетке салық төлей ме?
Әлеуметтік желі пайдаланушылары елімізде базарларда шетелдіктер, соның ішінде қырғыздар, дүнгендер және өзбектер көбейіп кеткенін талқылап жатыр. Көпшілік базарда сатушылар терминал немесе кассалық аппарат қолданбайтынын да байқаған. Базарда жұмыс істейтін шетелдік азаматтар мемлекетке салық төлей ме? Massaget.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сұрау жіберді.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - ҚР КК) сәйкес жеке тұлғалар дара кәсіпкер (бұдан әрі - ДК) ретінде мемлекеттік тіркелуге жатады.
Қазақстанда қай елдің азаматтары дара кәсіпкер бола алады?
"Басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын бір мемлекет азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы "1999 жылғы 30 желтоқсандағы қолданыстағы халықаралық шарттардың ережелерін ескере отырып, ҚР КК-нің 1-бабы 3-тармағының, 30-бабы 1-тармағының талаптары шеңберінде Қазақстан Республикасы азаматтарымен, қандастармен қатар ДК ретінде құқық қабілеттілігі кей шетелдік азаматтарда бар.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұруға құқығы бар мына елдердің азаматтары ДК бола алады:
- Беларусь;
- Тәжікстан;
- Қырғызстан;
- Ресей Федерациясы;
- Армения.
Шетелдік азамат дара кәсіпкер болуы үшін одан қандай құжат талап етіледі?
Шетелдік азамат Қазақстанда дара кәсіпкер болып тіркелуі үшін оның тұруға ықтиярхаты болуы керек. Тұруға ықтиярхат дегеніміз - шетелдіктің ҚР-да тұрақты тұруға құқығын растайтын құжат. Оны рәсімдеу үшін Қазақстан аумағында тұрақты тұруға рұқсат алу қажет. ҚР-ға келіп тұруға ықтиярхат алғысы келетіндерге қойылатын негізгі талаптар олардың төлем қабілеттілігінің дәлелі және өтелмеген соттылығының жоқтығы болып табылады.
Тұруға рұқсат пен ықтиярхатты алуды жеңілдете алатын мән-жайлар деп келесіні атауға болады:
- шетелдіктің Қазақстанда тууы;
- бұрын болған қазақстандық азаматтық;
- Қазақстанда жақын туыстарының болуы.
"Тұруға ықтиярхат" құжатын алу ҚР Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен регламенттелген.
Өзге жеке тұлғаларға дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынады.
Ернар Алмабек
Қазақстанда қай елдің азаматтары дара кәсіпкер бола алмайды?
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген адамдар хабарлама беруге құқылы емес.
Бүгінгі таңда Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен халықаралық шарттардың болмауына байланысты аталған елдердің азаматтары ДК тіркеуге мүмкіндігі жоқ.
Базарда жұмыс істейтін шетелдіктер мемлекетке салық төлей ме?
ДК жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолдана алады немесе оларды қолдану шарттарына сәйкес арнаулы салық режимдерін (бұдан әрі - АСР) қолдана отырып қызметті жүзеге асыра алады.
Арнаулы салық режимдері патент негізінде АСР, оңайлатылған декларация негізінде АСР, арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын АСР, тіркелген шегерімді қолдана отырып АСР, бөлшек салықтың АСР түрінде болуы мүмкін.
ДК жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданған кезде ЖТС (жеке табыс салығы) есептеу кезінде шығыстар, 10% салық ставкасы ескеріледі. 220.00 СЕН (салық есептілігі нысаны) бойынша есептілік жылына 1 рет беріледі.
Патент негізінде АСР – табыстан 1% ЖТС ставкасы, шығыстарды есепке алмағанда, патент 1 айдан бір жылға дейін сатып алынады. Патент құнын төлеуді салық төлеуші есеп ұсынылғанға дейін жүргізеді. Патенттің қолданылу кезеңінде ЖК алуды жоспарлап отырған табыс сомасын салық төлеушінің өзі айқындайды. Патенттің салықтық өтініштің немесе кезекті есептің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде табысталмаған жағдайда дара кәсіпкер ДК ретінде тіркеу есебінен шығарылуға жатады;
Оңайлатылған декларация негізінде – табыстан 3%, шығыстарды есептемегенде (ЖТС ставкасы 1,5%, әлеуметтік салық 1,5%), 910.00 СЕН бойынша есептілік жартыжылдықта 1 рет ұсынылады. Салықтарды бюджетке төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
Арнаулы мобильді қосымша пайдаланылатын АСР – кірістен ЖТС ставкасы 1%, шығыстарды есепке алмағанда, есеп берілмейді, қосымша сіз үшін салықтар мен төлемдерді есептейді. ЖТС және әлеуметтік төлемдер есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей төленуге тиіс.
Тіркелген шегерімді пайдалана отырып АСР – ЖТС есептеу кезінде шығыстар ескеріледі, салық ставкасы 10%, табыс сомасының 30% аспайтын мөлшерде қосымша тіркелген шегерім көзделген, 912.00 СЕН бойынша есептілік жылына 1 рет беріледі.
Бөлшек салықтың АСР – ЖТС шығыстарды есепке алмағанда табыстың 4% және (немесе) 8%, 913.00 СЕН бойынша есептілік тоқсан сайын ұсынылады. Салықтарды бюджетке төлеу есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Сондай-ақ резидент емес жеке тұлғаның табыстарына Cалық кодексінің 74-тарауына сәйкес салық салынады.
Ернар Алмабек
Базарда сатушы сізге тауар чегін беруі тиіс
Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары (БКМ) мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi.
БКМ қолданған кезде қызметкер тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беруі тиіс.
2024 жылы мемлекеттік кірістер органдары кассалық тәртіпті бұзудың 524 фактісі анықталды. Кассалық тәртіпті бұзған салық төлеушілер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсу толықтығын қамтамасыз ету міндеті мемлекеттік кіріс органдарына жүктелген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова