- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Базарда жеміс сатып,...
"Базарда жеміс сатып, дәмханада ән айттық". Жанболат пен Жазира естеліктерін бөлісті
Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира жастық шақтарындағы қызық естеліктерін бөлісті. Бұл туралы өнер иелері "Қызықты weekend" бағдарламасына берген сұхбатта әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнерпаздар шаңырақ көтергенде базарда жеміс сатқан кезін еске алды.
© видеоскрин
"Біз орыс тілінде, ағылшын тілінде, француз тілінде өлеңдерді жаттап айта беретінбіз. Дәмханада ән айтуды екеуміз Қазбекті алып көшіп келгеннен кейін, 1 жылдан кейін бастадық. Біз оқу бітіргенде әртүрлі облыстарға жіберетін. Көп жерде жұмыс қысқарып, топтарға алмайды. Не істерімізді білмей қалдық. Күн көру деп саудаға шығып, базарда жеміс саттық. Содан түскен ақшаға музыкалық аппарат сатып алдық. Дәмханаларда 4-5 жыл ән айттық. Солай-солай пәтер алып, ән жазып, радиоға шығып, артынша "Тамаша" ойын сауық театрында өнер көрсетіп, халықтың сұрауына, қошеметіне ие болдық", - дейді жұлдызды жұп.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Жазира Байырбекова өзінің сіңілісіне су жаңа автокөлік сыйлағанын жазған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы