- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Базар жоқ!" Шетелдікпен...
"Базар жоқ!" Шетелдікпен ағылшын тілінде сөйлескен әже көпті сүйсіндірді
Желіде ағылшын тілінде сөйлескен қырғыз әженің видеосы тарады. TikTok әлеуметтік желісінде бұл тілде еркін сөйлеген әже жұлдызға айналды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео 2 миллионнан аса қаралым, 114 мың лайк пен 3 мыңға жуық пікір жинаған.
Әже: Сәлеметсіз бе! Қай жерден келдіңіздер?
Шетелдік: Нидерландтанбыз!
Әже: Нидерланд? Біздің мемлекеттен тым алыс қой! Студенттерсіз бе?
Шетелдік: Жоқ, біз досымның отбасына келдік! Негізінен Нидерландта тұрамыз.
Әже: Бұл жерде қанша күн боласыздар?
Шетелдік: 10 күндей
@naryndyk_bala1 #кыргызстан🇰🇬тикток #нарынымалтынбешигим🇰🇬🇰🇬🇰🇬 #суйуу #нарын🇰🇬🇰🇬🇰🇬 #бейишэненинтаманында❤️ #чуй🇰🇬 #мырзаблогер #минбулак ♬ оригинальный звук - Myrza_N
Видео аяғында әже бұрын ағылшын тілінен сабақ бергенін айтып, алайда қазір зейнетке шыққанына 25 жыл болғанын айтты. Желі қолданушылар әженің біліміне тәнті болып, пікір қалдырған.
"Апатай, керемет! Ауызекі сөйлегенге не жетсін, жарайсыз! Еңбегі сіңген ұстаз екенсіз, керемет! Амандық-саулық сіздерге", "Мұғалім болған-ау апам, шет тілінен. Жарайсыз, профи профи болып қалады ғой!" "Жарайсыз, әже", "Керемет", "25 жыл ұмытпаған ғой, керемет", Базар жоқ осы апам алдымда жүрсе, әлемнің кез келген еліне ұялмай барамын", - деп жазған Желідегілер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек