Танымал әнші, актриса Жарқынай Ханайым "Айтарым бар" жобасына берген сұхбатында жеке өмірі туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса жеке өмірін жасырын қалдыруды жөн көретінін жасырмады.
"Біз қазір Айдар екеуміз Айлананың сүйікті ата-анасымыз. Біз жақсы доспыз. Әрине, бір-бірімізге ауыр сөз айтқан кездер болды, біз қазір одан өттік. Менің жеке өмірім "базарға" айналып, тым талқыланып кетті. Айдар екеуміз де танымал адамдармыз, оның отбасында танымал адам көп. Содан біздің отырып-тұрғанымызға дейін әлеуметтік желіде жүретін. Ал қазір шынымды айтсам, маған бұл ұнамайды. Жеке өмірімді, кіммен қол ұстасып жүргенімді, не істеп жатқанымды әлеуметтік желіде бөліскім келмейді. Айдардың өзінің жеке өмірі, шығармашылығы бар. Ол Жарқынайсыз да актер деген атқа лайық. Біздің атымыз жиі бірге шыққанымен, Айдар Асқарбекті менсіз, Жарқынай Ханайымды Айдарсыз жеке тұрға ретінде қабылдаса екен деймін. Әркімнің өзіндік өмірлік ұстанымы бар", - дейді әнші.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қандай киімдерді кір жуғыш машинада жууға болмайды?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!