- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Базалық зейнетақыны өсіру...
Базалық зейнетақыны өсіру мәселесі талқыланып жатыр - Дүйсенова
Қазақстанда базалық зейнетақыны арттыру мәселесі қарастырылып жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, қазірдің өзінде барлық есеп пен ұсыныс жұмыс тобының қарауына жіберілген, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Барлық ұсыныс, есептеуімізді жұмыс тобына береміз. Оның құрамында Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрліктерінің басшылары бар. Бірінші кезеңде барлық есептеуімізді ұсындық. (...) Бүгін бірінші кезеңді аяқтадық. Енді екінші кезең Қаржы және Ұлттық экономика министрлері деңгейінде қарастырылады. Содан кейін республикалық бюджет комиссиясына барамыз", - деді Дүйсенова Мәжіліс кулуарында.
Еңбек министрлігі басшысының айтуынша, базалық зейнетақы параметрлерін өзгерту ұсынылған.
Ж. Қадыржанова"Зейнетақы жүйесіне келетін болсақ, қазір тағайындап жатқан жиынтық зейнетақының мөлшері былтырғымен салыстырғанда, азайып барады. Өйткені еңбек өтілі қысқа. Осыған байланысты қазір базалық зейнетақының параметрлерін арттыруға болатындай етіп өзгерту туралы өз есептеулерімізбен ұсыныс енгіздік. Екіншісі, ынтымақты зейнетақының параметрлерін өзгерту, оны да көбейтуге болады. Үшіншіден, қолданыстағы заңнама аясында зейнетке ерте шығу мүмкіндігі бар. Зейнетақы аннуитеті мәселелерін қарастырып жатырмыз", - деді Дүйсенова.