10 қазандағы доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 539,06 теңге болып, 2,45 теңгеге төмендеді.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 10 қазандағы ресми бағамы - бір доллар үшін 541,54 теңге.
kurs.kz дерегіне сүйенсек, қазір Астана мен Алматыда мына бағаммен сатылып-сатып алынып жатыр:
Алматы бойынша:
- сатып алу - 539,46 теңге,
- сату - 542,14 теңге.
Астана бойынша:
- сатып алу - 537,71 теңге,
- сату - 542,71 теңге.
Еске салайық, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова