Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеменің неге өзгермеген түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Шешім нақты деректерді талдау мен тәуекелдер балансын ескере отырып қабылданды", - деді Тимур Сүлейменов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Ұлттық банктің инфляция мен экономиканың өсуі бойынша болжамы жаңартылған.
"Шілдеде жылдық инфляция өсті, бірақ ол Ұлттық банктің мамырдағы болжамы шегінде сақталды. Базалық инфляция және маусымдық факторлардан тазартылған инфляция екінші ай қатарынан жеделдеді. Сыртқы инфляциялық жағдай қалыпты деп бағаланып отыр. Жаһандық инфляция бәсеңдеп келеді. Ішкі экономикада инфляциялық қысым күшеюде. Негізгі себеп, тұрғын үй-коммуналдық қызмет саласындағы реформалардың жалғасуы, ішкі ұсыныс мүмкіндіктерінен артық орнықты ішкі сұраныс және инфляциялық күтулердің жоғары деңгейі", - деді төраға.
Тимур Сүлейменовтің сөзіне сенсек, бүгінде айырбастау бағамы әлсіреген, ағымдағы ақша-кредит шарттары жұмсарған. Нәтижесінде базалық мөлшерлемені өзгертпеу туралы шешім қабылданған.
"Ақша-кредит шарттарының жұмсаруы ақша нарығы мөлшерлемесінің динамикасымен де расталады. Мәселен, базалық мөлшерлеменің 14,25%-тік деңгейіде TONIA-ның орташа мәні 13,1% – 13,3% төмен қалыптасады. Жұмсарған ақша-кредит шарттары мөлшерлемені одан әрі төмендету үшін кеңістік ашпайды. Монетарлық шарттардың одан әрі шамадан тыс жұмсаруын болдырмай, өтеу үшін базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде сақтау керек", - деді басшы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!