Бүгін Астада Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін бөлінген бюджет қаражаты мен Ұлттық қор қаражатының мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылау жөніндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инфрақұрылымын және жылумен, сумен жабдықтау және тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуды жаңғырту» бағыты бойынша бағдарламаны іске асыру барысын талылау кезінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры Қайырбек Өскенбаев қазақстандықтар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысының жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқандығын және 2016 жылдың соңына дейін 423 мың шаршы метр жалға берілетін және 110 мың шаршы метр кредиттік тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда екендігін атап айтты.
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары – Қазақстандық ипотекалық компания мен Бәйтерек Девелопмент құрылысы операторлары болып айқындалды.
«2015 жылы 401 мың шаршы метрлік жалға берілетін тұрғын үй бойынша жоспарды орындау кезінде 425,5 мың шаршы метр пайдалануға тапсырылды, 2016 жылы Холдинг алдына жыл соңына дейін пайдалануға тапсырылатын 326 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйді енгізу міндеті қойылды. Осылайша, жалға берілетін тұрғын үйді енгізу жөніндегі 2016 жылғы міндетті толық көлемде орындау жоспарлануда», - деді Қайырбек Өскенбаев.
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалға берілетін тұрғын үй жергілікті атқарушы органдарда (ЖАО) кезекте тұрғандардың арасында ғана үлестіріледі. Кезекке тұру үшін құжаттарды қабылдау әкімдіктер арқылы жүзеге асырылады. Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын бастапқы жарнасыз 20 жылға дейін беріледі. Тұрғын үйді жалдау құны Астана мен Алматы қалаларында 1 шаршы метрі үшін 1 120 теңге, ал қалған өңірлерде 1 шаршы метрі үшін жалдау құны 930 теңгеден аспайды.
«Мысалы, Астанада ауданы 50 шаршы метр 2 бөлмелі пәтерді сатып алу құқығымен жалға алудың құны айына шамамен 56 мың теңгені құрайды. Төлем қабілеттілігін растау үшін бағдарламаға қатысушының жалақысы шамамен 120 мыңды құрауға тиіс»,- деп түсіндірді Қайырбек Өскенбаев.
Бұдан басқа, 2016 жылғы 10 ақпанда ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес Бәйтерек девелопмент арқылы жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй салуға ағымдағы жылы Ұлттық қордан қосымша 113 млрд. теңге бөлінді, оның 25 млрд. теңгесі экономикалық өсімді ынталандыру жөніндегі қысқа мерзімді шараларға уақытша үлестірілді.
Холдингке бөлінген қаражат есебінен алдағы 2016-2017 жылдары жалға берілетін тұрғын үйдің 324,1 мың шаршы метрін және кредиттік тұрғын үйдің 366,9 мың шаршы метрін тапсыру міндеті қойылды.
Бүгінде 2016 – 2017 жылдары енгізілетін 78,9 млрд. теңге сомасына 498,3 мың шаршы метрді (8 289 пәтерді) салуға шарттар жасалды. Бұдан басқа, 39,6 млрд. теңге сомасына 225,4 мың шаршы метрді (3 346 пәтерді) құрайтын жобалар пулы бар, олар бойынша меморандумдарға қол қойылды.
«Проблеманың мәні құрылыс салушыларда құжаттардың толық топтамасының, көп жағдайларда сараптамасы бар жобалау-сметалық құжаттаманың жоқтығы болып табылады. Әлеуетті әріптестер – құрылыс салушылар қажетті құжаттардың толық топтамасын бергеннен кейін «Бәйтерек девелопмент» АҚ инвестициялау шарттарын жасайды. Өтінім қабылдау жалғасуда, біз құрылыстың құнын 1 шаршы метр үшін өңірлерде 180 мың теңгеден асырмайтын және Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында 200 мың теңгеге дейін ұсынатын құрылыс салушылармен барынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз»,- деп айтты Қайырбек Өскенбаев.
Бұл ретте, тұрғын үйдің жалпы ауданы 80 шаршы метрден аспауы тиіс. Жалға берілетін тұрғын үй тек ЖАО-да кезекте тұрғандар арасында, ал кредиттік түрғын үй Қазақсанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары арасында ғана үлестіріледі. Қызылорда қаласында жалпы ауданы 21 мың шаршы метрді құрайтын алғашқы 7 үйдің құрылысы аяқталды.
Холдинг құрылыс барысына апта сайын мониторинг жүргізеді. Әрбір объектіге суреттерімен бірге арнайы паспорт басталған.
Сондай-ақ Бәйтерек холдингіне кредиттік тұрғын үй салу мақсатында жергілікті атқарушы органдарының борыштық бағалы қағаздарын сатып алу үшін 2016 жылы 67 млрд. теңге бөлінді.
Барлық қаражат 2016 жылы 38,2 млрд. теңге және 2017 жылы 28,8 млрд. теңге сомасына облигацияларды сатып алу жолымен жергілікті атқарушы органдарға бағытталады. Бүгінде «Бәйтерек девелопмент» АҚ 38,2 млрд. теңге сомасына 16 жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарын сатып алды, яғни 2016 жылға арналған жоспар 100 пайызға орындалды.
Осылайша, алдағы 15 жылда әрбір 2 жыл сайын бөлініп қойған қаражаттың айналымдылығы мен қайта пайдалануы есепке алынып, еліміз бойынша барлығы 100 мыңнан астам пәтер салынады.