- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- «Бәйтерек» холдингі төрағасының...
«Бәйтерек» холдингі төрағасының орынбасары тағайындалды
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Әнуар Омарходжаев холдингтің басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі болып сайланды. Бұл туралы аталған холдинг баспасөз қызметінен хабарлады.
Әнуар Омарходжаев Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «инженер-механик» мамандығы және Бермен институтын «өнеркәсіптік техника инженері» мамандығы бойынша үздік бітірген. 20 жылдық еңбек өтілі бар. Көп жылдары халықаралық қатынастар және мемлекеттік қызмет салаларында жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі және ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі, ҚР Сыртқы істер министрлігі және ҚР дипломатиялық өкілдіктерінде түрлі лауазымдарда қызмет етті.
Әр жылдары ҚР Президенті Протоколының бас инспекторы, ҚР Премьер-Министрі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Протокол қызметінің басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының Хатшылығы меңгерушісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары болды.
«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медальдарымен марапатталды.
Марлан Жиембай
Дереккөз: inform.kz
Б. Қанатұлы