"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Сбердің Қазақстандағы еншілес банкі ("Сбербанк" АҚ ЕБ) акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесін аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәміле өзара қолайлы қаржылық шарттармен жасалды және барлық қажет реттеушілік мақұлдаудан өтті. Банк өз клиенттері алдындағы барлық міндеттемесін орындауды жалғастырады, бұрынғы клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарттар өзгеріссіз қалады.
"Бәйтерек" холдингі елдің қаржы жүйесі үшін банктің маңызы жоғары деп есептейді. "Сбербанк Қазақстанның" заманауи инфрақұрылымы мен технологиялары ел экономикасының нақты секторын қаржыландыруды жалғастыруға және қызметті толыққанды жүргізуге мүмкіндік береді.
Мәміле аясында банк белсенді операцияларды толық жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнеске арналған өнімдер мен қызметтерді дамытуға мүмкіндік алады. Жақын уақытта "Сбербанк Қазақстанға" ребрендинг жүргізілетін болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!