"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ "Сыйақы мөлшерлемесін бөлу" эксперименттік жобасының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Жоба өсімдік шаруашылығымен айналысатындарды жеңілдетілген жолмен қаржыландыру арқылы қолдауға бағытталған. Алайда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мемлекет қаржысынан емес, тауар жеткізушілер есебінен жүзеге асырылады.
Пилоттық жоба аясында Қостанай облысының "Қарлығаш" несие серіктестігінің қатысушысы және қарыз алушысы FOODGRAIN ЖШС қаржыландырылды. Егер эксперимент өзінің тиімділігін көрсететін болса, "Сыйақы мөлшерлемесін бөлу" құралы өнеркәсіптік деңгейде енгізіледі.
"Жобаның мәні мынадай: фермерлер жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесі бойынша қаржыландырылады, бірақ бұл сыйақы мөлшерлемесінің субсидиясы фермерлер тікелей жұмыс істейтін тауар жеткізушілерден алынады. Бұл тәсіл фермерлер үшін несие ресурстарының қолжетімділігі мен тартымдылығын сақтай отырып, саладағы қаржы жетіспеу мәселесін шешеді және мемлекеттік бюджетке түсетін салмақты едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов.
Жобаға қатысуға мүдделі фермерлер Холдингтің еншілес ұйымы — "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-на 5353 анықтама қызметінің телефоны арқылы хабарласа алады.
Материалды "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ұсынды
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!