Бәйтерек ауданында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Бәйтерек ауданы Байқоңыс ауылдық округінің Новенький ауылында "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасы аясында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұл оқиға жергілікті тұрғындар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудағы маңызды кезең болды.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ауыл" партиясының төрағасы Серік Егізбаев қатысты.

"Бүгін аудандарыңызда ерекше оқиға - барлық қажетті заттармен жабдықталған заманауи фельдшерлік-акушерлік пункт есігін айқара ашады. Бұл ауданның денсаулық сақтау саласын дамытудағы тағы бір қадам - көптеген адамның қажырлы еңбегінің нәтижесі. Денсаулық - адамның ең құнды капиталы. Бұл әр азаматтың және жалпы ұлттың толыққанды және бақытты ертеңі. Әр пациент осы қабырғалардан түсіністік пен мейірімділік тапсын. Денсаулығын жақсартып, өмірі ұзара берсін!" - деп құттықтады Серік Рахметоллаұлы.

Жаңа пункт заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған және профилактикалық тексерулерді, вакцинациялауды, сондай-ақ шұғыл көмекті қоса алғанда, қызметтердің кең спектрін ұсынатын болады. Фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылуы ауылдағы медициналық қызмет көрсету сапасын едәуір жақсартуға және көмек күту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бұл жобаны қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Тапсырыс беруші - Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы ММ. Мердігер - "Қаз ОКК" ЖШС, директоры Нұрсұлтан Нәсіпқалиев.

Жергілікті билік пен ауыл тұрғындары халықтың денсаулығын жақсартуға және ауылдық жерлерде өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған осы жобаны жүзеге асырғаны үшін алғыстарын білдірді. Жаңа пункт өңірде медициналық көмек көрсету және денсаулықты қолдау орталығына айналады. 

"Біз шағын ауылда тұрамыз және бұл біз үшін өте маңызды. Дәрігерлер жетіспейді. Жаңа емхана медициналық көмек жағдайын айтарлықтай жақсартады деп ойлаймын. Бізде аудан орталығына бара алмайтын адамдар көп, әсіресе қыста жолдар жиі жабылған кезде. Ауруханаға тұрақты түрде барып тұра алмайтындар бар. Енді біздің ауылда емделуге мүмкіндігіміз бар", - деді Айжан Дүйсенғалиева.

БҚО әкімдігі ұсынған материал