- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Байтақ" партиясының республикалық...
"Байтақ" партиясының республикалық штабында өрт шықты
6 наурызда кешке "Байтақ" жасылдар партиясының республикалық штабында өрт шықты. Кеңсе Мәңгілік 30 мекенжайындағы бизнес-орталықта орналасқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Партия өкілдері оқыс оқиғаны саяси бәсекелестіктің күшеюімен байланыстырып отыр. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
"Оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру экипажы келді. Оқиға туралы хаттама жасау үшін полиция да шақырылды. Штабтың барлық қызметкері шұғыл түрде эвакуацияланды. Бірнеше қызметі көміртегі тотығынан уланған", - делінген партияның Instagram-да таратқан хабарламасында.
Еске салайық, Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау 2023 жылғы 19 наурызда өтеді. Мәжіліс 98 депутаттан тұрады (бұған дейін 107 еді), оның 69-ы партиялық тізім бойынша, ал 29-ы бір мандатты округтер арқылы таңдалады.
Сайлауға жеті партия - Amanat, "Ақ жол", Қазақстан халық партиясы, "Ауыл", Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, "Байтақ" және Respublica қатысады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан