• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Байланыс операторларының қызметкерлері алаяқтарға көмектескен - Бас прокуратура

Байланыс операторларының қызметкерлері алаяқтарға көмектескен - Бас прокуратура
Фото: depositphotos.com

Ұялы байланыс операторларының қызметкерлеріне алаяқтарға көмектесті деген айып тағылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Beeline, Теле-2 ұялы байланыс операторларының қызметкерлері мен олардың дистрибьютерлеріне қатысты ҚК-нің 211 және 254-баптары бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды: БҚО-да 2 іс, Қарағанды мен Алматыда бір іс", - деп жазылған хабарламада.

Мәліметке сүйенсек, олар алаяқтарға азаматтарды алдау үшін қолданылған мыңдаған сим-картаны тіркеуге көмектескен.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте алаяқтар зейнеткерден 46 млн теңге жымқырғаны хабарланды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget