“Байланыс міндетті түрде үзіледі“. Депутат Цифрлық даму министрлігін әзілмен сынға алды

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін әзілмен сынады. Бұл жағдай "Жасанды интеллект туралы" заң жобасының таныстырылымы кезінде болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заң жобасын таныстыра отырып, Смышляева презентация жасап, тұрақты жұмыс істеп тұрған интернетке таңданды.

"Келесі слайдты өтінемін. А, мен өзім де жүргізе алады екенмін. Керемет, әлі де жұмыс істеп тұр! Әрқашан Zoom-да кездесуде Цифрлық даму министрлігімен байланыс үзіледі. Бұл қалыпты жағдай ғой", – деп әзілдегенін атап өтті Смышляева.

Айта кетсек, Speedtest Global Index сервисі 2024 жылдың желтоқсан айы бойынша қорытынды жасап, ең жылдам интернеті бар елдер мен қалалардың рейтингін жариялады.

Әлемдік сервис деректеріне сәйкес, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша рейтингте 1 сатыға көтеріліп, 57-ші орынға шықты. Орташа жүктеу жылдамдығы секундына 53,76 мегабит. Жапония 53,54 мегабит жылдамдықпен 58-ші орында орналасты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз