Байқоңыр ғарыш айлағында туристерге арналған алаңқай ашылады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Алаңқайға шамамен 200 адам сыяды. Жобаны Қазақстан өзге елдерден келген инвосторлардың көмегімен жүзеге асырмақ.
"Қазақстан 2017 жылы туристерге арналған жайлы алаңқай салады", - деді Инвестиция және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаментінің директоры Тимур Дүйсенғалиев.
Айта кетелік, Байқоңыр ғарыш айлағы Ресейге 2050 жылға дейін жалға берілген.