“Байқамай жеп қойған“. Дәрігерлер ер адамның ішегінен тірі тарақан тапты

Үндістанда дәрігерлер 23 жастағы ер адамның аш ішегінен тірі тарақан тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Indian Express-ке сілтеме жасап.

23 жастағы ер адам бірнеше күн бойы іші ауырып, ауруханаға жүгінген. Алайда дәрігерлер ешқандай айқын патология анықтамаған. Сондықтан эндогастроскопиялық зерттеу жүргізуді шешкен. Камерасы бар арнайы түтікшемен дәрігерлер науқастың асқазанын, содан соң аш ішектің жоғары бөліктерін қараған. Олар оннан үлкен тірі тарақанды көріп, шошыған. Асқазан сөлі жәндікті өлтіре алмаған. 

Содан соң дәрігерлер тарақанды эндоскоп көмегімен өлтіруді шешкен. Олар төменге екі жіңішке түтік салған: бірі - сұйықтық беріп тұрса, екіншісі - оны сорған. Олар соның көмегімен тарақанды ала алған. Тарақанды алғаннан кейін де ол тірі болған. Оның ұзындығы - шамамен үш сантиметр.

Отадан соң науқас тарақанды байқамай жеп қойғанын айтқан. Ер адам ауруханаға келмегенде, ішектің жоғары бөлігіндегі жәндік бактериялық инфекция тудыртып, өлімге әкелуі мүмкін еді.

Оқи отырыңыз: Шегірткені қай елдер тағамға пайдаланады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!