Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев бүгін соттағы жарыссөзде екінші сотталушы – туыс інісі Бақытжан Байжановқа қатысты мәлімдеме жасады. Байжановқа қылмысты жасырды деген айып тағылып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бишімбаевтың айтуынша, Байжановтың кінәсі жоқ.
"Байжанов. Ол туралы жеке айтқым келеді. Оның, әрине, мүлдем қатысы жоқ. Ешқандай cөз байласу болған жоқ, жалпы мұнда оның кінәсі жоқ. Ол мұнда менің тапсырмаларымды орындағаны үшін отыр. Оның (Нүкенованың - ред.) өміріне қауіп төніп тұрғанын білген жоқпын, өлгенін де бақылап тұрған жоқпын. Байжанов та мұны бақылаған жоқ. Біздің арамызда сөз байласу болған жоқ, мұнда оның кінәсі жоқ", - деді Бишімбаев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз