- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шетелдік кәсіп
Байханов Ресейден Павлодар облысына қанша компания көшіп келгенін айтты
Павлодар облысы әкімі Асайын Байханов өңірге кейінгі екі жылда Ресейден қанша компания көшіп келгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы" тақырыбында өткізілген баспасөз конференциясында бөлісті.
"Жалпы біздің облысымызға 5-6 орта кәсіп келді. Біріншісі - көмір өндіретін компанияларға темір құралдарын жасайтын ұжым. Олар өз жұмысын бастап, Павлодарда істеп жатыр. Тағы бірнеше кәсіпкер келді. Олармен 1-2 келісімге келеміз деген жоспар бар. Жалпы көрші елдерден қызығушылық білдіріп жатқан кәсіпкерлер баршылық", - деп жауап берді ол.
Бұған дейін не белгілі болды?
ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 2024 жылға дейін Қазақстанға 6 миллион 8 мыңнан аса Ресей азаматы келіп, 6 миллион 7 мыңы кері кеткен.
Екі жылда 257 986 ресейлік Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алса, Украинаның 7 794 азаматы виза алған.
Осы кезеңде тұрақты тұруға 31 131 Ресей азаматы рұқсат алды. Сондай-ақ 5 073 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек